lat: Emdeý mekemesi
Емдеу ісімен айналысатын мекеме; емхана, аурухана.
Олай болса, аталған емдеу мекемесінің адамдары босатып, жұмысты тоқтату керек. Елбасы бұл мәселені де анықтап, өзіне есеп беру үшін бір апта уақыт бөлді («Егемен Қазақстан»).
Облыс көлеміндегі жалпы емдеу мекемелеріндегі ескірген флюроаппараттарды жаңарту, атап айтқанда, Арал, Жалағаш, Шиелі аудандарын жаңа флюроаппаратпен жабдықтау көзделіп отыр («Жас Алаш»). Мемлекеттік және жекеменшік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдарда ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі (ҚР Конституциясы).