Емдеу мекемесі

lat: Emdeý mekemesi

Емдеу ісімен айналысатын мекеме; емхана, аурухана. Олай болса, аталған е м д е у м е к е м е с і н і ң адамдары босатып, жұмысты тоқтату керек. Елбасы бұл мәселені де анықтап, өзіне есеп беру үшін бір апта уақыт бөлді («Егемен Қазақстан»). Облыс көлеміндегі жалпы е м д е у м е к е м е л е р і н д е г і ескірген флюроаппараттарды жаңарту, атап айтқанда, Арал, Жалағаш, Шиелі аудандарын жаңа флюроаппаратпен жабдықтау көзделіп отыр («Жас Алаш»). Мемлекеттік және жекеменшік е м д е у м е к е м е л е р і н д е, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдарда ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі (ҚР Конституциясы).