Эмпатия

lat: Empatıa

Басқа адамның эмоциялық жағдайын саналы түрде сезіне білу. Эмпатия дегеніміз қарым-қатынас барысында басқа адамның қалауын өзінің ойлау қабілеті негізінде әртүрлі сезіммен санасынан кешіру. Оны түсіну үшін өзін сол адамның орнына қоюды қажет етеді. Бірге мазасыздану (бірге уайымдау) этноцентристік категория болып табылады, себебі ол бір мезгілде бірдей нәрсені сезіне алатын адамдардың ұқсастығын жорамалдауға негізделген. Аяныш сезімін жаны ашу сезімінен ажырату оңай. Егер біреу: «Мен оның орнында былай жасар едім...» десе, бұл көп жағдайда аяныш сезімі. «Мен оның көзқарасын елестетсем, бұл туралы басқаша ойлаймын» жаны ашу.