ЭМПАТИЯ

lat: Empatıa

сезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі. Эмпатия адамның өзгелер қайғы-қасіретті жағдайлар: мен қиындықтарға ұшырағанда, оларға жанашырлық, білдіріп, солардың ауыр халінің өз басына түскендей көңіл күйде болуы. Эмпатия өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы. Эмпатия басқа адамдарға жаны ашып сезімін білдіру қабілеті, олардың күйін түсініп, қолынан келген көмегін беруге даярлығы. Эмпатияны алғаш америкалық психолог Э.Титченер (1867-1927) ашып көрсетті. Ол философиядағы ұнату сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің эмоциялық, салыстыру мен ұқсату тәсілдермен түсіндірілетін танымдық (когнитивтік) және адамның жан күйзелісіне душар болу себептерін алдын ала сезе білу сияқты түрлері болатындығын көрсетті.