ЭМПАТИЯ

lat: Empatıa

басқа адамдармен бірге уайымдау, олардың эмоциялық күйін түсіну қабілеті. Эмпатия қабілетіне ие болу жазушы, әртіс және басқа да шығармашылық тұлғаларына қажет дүние. Дизайнда біріншіден, жобаланып отырған нысанмен әрекеттесетін адамдардың қылығын елестету үшін, екіншіден, техникалық міндеттерді шешу үшін эмпатия жобалау кезінде қолданылады. Жобалаушы жобаланып отырған нысанның немесе оның бір бөлігінің орнына өзін елестетіп, образға енеді.