өзге адамдардың жан-дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғына білу. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен мұң-шеріне ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатияны ғылыми тұрғыда алғаш рет АҚШ психологы Э.Титченер (1867-1927) зерделеді. Ол философиядағы «ұнату» сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті.