Энергия

lat: Energıaá

(гр. energeіa – қызмет) – материалдық қозғалыстың әртүрлі формаларының жалпы өлшемі. "Энергия" терминін 1807 жылы ағылшын ғалымы Т.Юнг енгізді және оны қозғалыстағы дене массасының өз жылдамдығының түрлі физикалық формалары сапасы жағынан бір-біріне ауыса алады, ал бұл ауысу процесін белгілі бір сан эквивалентті қатаң бақылап отырады, қозғалыстың жалпы шамасын - энергияны осылайша бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін де сол. Қозғалыс өлшемі ретінде Энергия әр алуан түрде байқалады. Мұның өзі физикалық теориялар жүйесінен өз көрінісін табады, онда механикалық жылу электромагнитті, ядролық, гравитациялық және т.б. Энергия ұғымдары енгізіледі. Ал механикада Энергия потенциалды және кинетикалық термодинамикада - байланысты және еркін болып бөлінеді, белгілі бір жағдайларда сыртық және ішкі Энергия жүйесі деп бөлу де кездеседі. Энергия түрлерінің әрқайсысы қозғалыстың тиісті формасын сан жағынан алғанда қозғалыстың өзі сақталған жағдайда оның едәуір дәрежеде қозғалыстың кез келген басқа формасына айналу мүмкіндігі тарапынан сипаттайды. Кейбір философиялық концепцияларда Энергия ерекше субстанция немесе денеден денеге, яки бір тіршілік ретінде түсіндірілді. Физикалық ұғымның қолдану аясының осылайша шамадан тыс ұлғаюы теориялық жағынан негізделмеген қағидаларға апарып соқтырады. Қазіргі өркениеттің материалдық - рухани мәдениетінің бүкіл тарихы Энергияны қайталанбайтын және қайталанатын Энергия туға байлынысты. Болашақтағы энергетиканың перспективалары ядролық Энергия көздерін кеңінен пайдаланумен, дәстүрлі, энергетика ресурстарын ұштастырумен, күн, жел энергиясын және т.б. қолдануды кеңейтумен байланыстырылуда. Бұл орайда энергетиканың қоршаған ортаға әсерінің теріс зардаптарын болдырмауға үлкен көңіл бөлініп отыр. Жылудың бөлінуі, атмосферада көмірқышқыл газ шоғырының артуы және т.б. биосфераның метеорологиялық және гидрологиялық параметрлерінің өзгеруіне соқтыруы мүмкін. Алайда энергетикамен қамтамасыз етудің осы заманғы формаларының дамытылуына Энергияның неғұрлым ұтымды пайдаланылуына орай ауқымы азайып, экологиялық жағдай тұрақтанатын болады. Жаңа энергетикалық концепцияларға көшу тиісінше ғылымды, техниканы және технологияны дамытуда ғана емес, сонымен қатар адамзатты энергетикамен қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді де қажет етеді.