1) энтодерма немесе энтобласт, көп клеткалы жануарлардың ішкі ұрық жапырақшалары. Алғашқы ауыздыларда энтодерма алғашқы ішек қуысын төсейді, одан орташа ішек жəне оның қосалқы бездері түзіледі. Екінші ауыздыларда энтодерма ішек түтігінің ішкі қабатын түзеді. Омыртқалыларда энтодермадан барлық ішектің жəне онымен байланысты бездердің, балықтарда одан басқа жүзу көпіршіктерінің жəне ішкі желбезектерінің, ал жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда өкпенің шырышты қабаты дамиды. Энтодерма жəне оның туындылары хордалы жануарларда хордомезодерманың жəне кейбір туынды эктодерманың (ауыз, анус, желбезек қуыстары, сыртқы желбезектер) дамуына əсер етеді жəне өз кезегінде қалыпты дамуы үшін түрлі экто жəне мезодермалді бастаманың əсеріне қажетсінеді. 2) Ішек қуыстыларда дене қабырғасының ішкі қабаты. Кейде «энтодерма» терминінің синонимі ретінде «эндодерма» термині қолданылады.