Энтропия

lat: Entropıa

(гр.en-мынадай және trope-ауысу,айналу) классикалық физиканың негізгі ұғымдарының бірі, ғылымға Р.Клаузиус енгізген. Макроскопиялық тұрғыдан алғанда энергияның өзгеру қабілет білдіреді: жүйеде Энтропия неғұрлым көп болса, онда энергияның өзгеру қабілеті сол ғұрлым төмен болады. Энтропия ұғымының көмегімен негізгі физикалық заңдарының бірі - Энтропия өсуінің заңы немесе энергетикалық өзгерістердің айқындаушы бағыты - термодинамиканың екінші негізі тұжырымдалады: тұйық жүйеде Энтропия кемімеуі мүмкін. Толық Энтропияға жету тепе-тең жағдай орнағандығын сипаттайды, одан әрі энергетикалық өзгерістердің болуы мүмкін емес - бүкіл энергия жылуға айналып, жылудың тепе-теңдік күйі орнайды. Клаузиус пен В.Томпсон оны тұтас әлемге қолданып,ғаламның жылу жетпей жойылуы дейтіннің болмай қоймайтындығы туралы қате тұжырымға келді. Физиканың одан кейінгі дамуы Энтропия ұғымының мазмұнын тереңдетіп, оның статистикалық табиғатын ашты. Статистикалық физика тұрғысынан алғанда Энтропия система жағдайының ықтимал екенін бейнелейді, ал  өсуі жүйенің ықтималдығы аз жағдайдан неғұрлым ықтималды жағдайға көшуін білдіреді. Энтропияның артуы абсолютті сипатта болмайды. Бөлшектердің шексіз көп өлшерін қамтитын құрылымдар үшін қайта процестердің мейлінше ықтимал ағымын ғана білдіреді. Шексіз үлкен құрылымдағы жағдайдың бәрі бірдей ықтимал болып шығады. Тартылыс ролін есепкеи алу космологияны ғалам Энтропиясы ешқандай максимумға ұмтылмай-ақ өсе түседі деген тұжырымға келтіреді. Сөйтіп, жылу тепе-теңдігін және дүниенің жылу жетпей күйреуі болмай қоймайды-мыс деген тұжырымдардың мүлдем негізсіз екенін қазіргі ғылым көрсетіп отыр.