хат түрінде жазылған көркем шығарамалар. Хат өлеңдермен қатар, көлемді прозалық шығармалар да (повесть, роман) негізінен хат түрінде жазылатыны болады. Кейде көркем шығармада кейіпкерлердің өзара жазысқан хаттарына үлкен орын беріледі. Бұл үлгіні қолдану шығармада адамның көңіл-күйін, ішкі сезім толғанысын тереңірек ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, Ф. М. Достоевскийдің «Бейшара жандар» атты повесін атауға болады. Антикалық дәуірде хат көркем шығарма құсап жазылатын. Эпикур, Цицерон, Сеңеке хаттары көркем дүниедей оқылған. Батыс Еуропа әдебиетінде хат формасында жазылған бірнеше романдар бар. Н.М.Карамзиннің «Орыс саяхатшысының хаттары», Д. И. Фонвизинний Франциядан П. И. Панинге жазған хаттары Россияда эпистолярлық әдебиеттің негізін салды. Бұл дәстүрді кезінде Пушкин, Чаадаев, Гоголь, Герцен дамыта түсті. XX ғасырда И. А. Бунин В. Б. Шкловский, А. Сент Экзюпери, Т. Уайлдер, В. А. Каверин шығармалары эпистолярлық әдебиетті байыта түсті. Эпистолярлық әдебиетке кең мағынасында алғанда жазушылардың, коғам қайраткерлерінің, ғалымдардың хаттары да жатады. Айталық, Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, тағы басқа жазушылардың сақталып, бүгінге жеткен хаттарын зерттеудің әдебиет тарихын тануға септігі зор. Ысмақова А.