Ережелер

lat: Erejeler

Белгілі бір жағдайда өзін-өзі қалай ұстауы керектігі жөніндегі ұйғарым. Толығымен мәдениетпен анықталатын және инкультурация мен социализация үдерісінде меңгерілген нормаларға қарағанда қарым-қатынас ереже индивидуалдық сипатқа ие және коммуникацияға қатысушылардың жеке мінездері мен жағдайға байланысты.

Егер норманы бұзушылықты қоғам кінәласа, ереже бұзуды қоғам айыптамайды. Ереже адамдарға олардың әрекетінің мәмілеге келуі және қоғамдық өмірін жөнге салу үшін қызмет атқарады. Ережеге бағыну керек, бірақ оларды бұзуға болады; ережелер жоғарғы ақиқат болып табылмайды; олар шартты; оларды анықтауға болмайды, бірақ олар жөнінде келісуге болады.