Еріткіш денешік

lat: Eritkish deneshik

б и о л. <лат. lysosomae грек. lysis - еру, ыдырау, soma - дене> Липопротеидті жарғақпен шектелген, пішіні шар тәрізді ұсақ жасуша органелласы.

Еріткіш денешіктің құрамында 60-қа жуық гидролиттік ферменттер (протеиназа, нуклеаза, глюкозидаза, фосфатаза және т.б.) болады (Қаз. тілі термин. Биология.).

Еріткіш денешік жасуша ішіндегі қоректік заттарды қорытуға тікелей қатысады (Қаз. тілі термин. Биология).