lat: Erteń erte
Ертеңінде, таңертең, ертемен, азанда.
Ертең ерте базарға Кемер барса, баяғы көк шолағы дәл келді (Қ.Жапсарбаев, Өлеңд.).
Жұмабек ертең ертемен Сарыжалға аттанды (Б.Тілегенов, Аққайнар).
Әуелі хақтығына жетсін көзің,
Серт қылдым ғой үйретпек болып өзім,
Ертең ерте сол жерден табыспаққа
Екеуі уәде байлап, қойды сөзін (Абай, Тол. жин.).
Ертең ерте, елең-алаңда тұрып, әлгі қонақүй иесі кемпірге: «Бәйбіше, не нәрсеге мұқтаж, ділгірсіз?» - деп сұрапты (С.Сейфуллин, Шығ.).