Ес жоқ

lat: Es joq

а) Жастыққа, албырттыққа бой ұрған, масаң. Соны күтіп жүрген Нағимада е с ж о қ. Ауылдың бетке ұстар сұлуы еді бір кезде,- деді Уәсила (М.Гумеров, Хазірет.). Берейін деген бендеге Табиғаттың несі жоқ. Болар-болмас нәрсеге Көзіңді сатып жүретін, Бозбала, сенің е с і ң ж о қ (Ұ.Кәрібаев, Таңд. шығ.). ә) Қуанышында не қорқуында шек жоқ; асып-сасулы, есі шыққан. Жұмабай қарт пен Күлзипа шешейде бүгін е с ж о қ Қутың-қутың етіп күле береді (С.Жүнісов, Өшп. іздер). Сәйгел қуған сиырларда е с ж о қ, құйрықтарын шошайта, көздерін шатыната тырым-тырағай шапқылауда (Ғ.Мұстафин, Дауыл.). б) Ой жоқ, қамсыз, қаперсіз. Балта аулында е с ж о қ. Ішерге тамағы болмай отырса да, ертеңге үміттене қарап, аштығын сездірмейді (С.Жүнісов, Жапанда.).