Есептеу орталықтарының желілері

lat: Esepteý ortalyqtarynyń jelileri

и н ф. <ағыл. networks of computer centers Байланыс арналарымен біріктірілген есептеу орталыктарының жиынтығы.

Есептеу орталықтарының желісі ақпараттық есептеу жұмыстарын орындауда пайдаланушылардың (ведомстволық кәсіпорындардың, ұйымдардың) қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге едәуір мүмкіндік береді. Есептеу орталығы желілерінің элементтері ұжымдық пайдалану есептеу орталықтары, мәліметтерді жеткізу жүйесі, абоненттік пульттер (терминалдар) (Қаз. тілі термин. Информатика.).