социал-революционерлер партиясының (СРП) мүшелері. Бұл Ресейдегі 1901 – 1923 жж. ірі партиялардың бірі. Алғашқы ұйымдары 1894 – 1896 жж. халықшылдар ізбасарлары ретінде пайда болды. 1901 ж. Берлинде олар бір партияға бірігеді. В.М.Чернов, Е.К.Брешко-Брешковская, Г.А.Гершуни, Г.А.Гоц, М.Гец, Н.Д.Авксентьев т.б. партияға басшылық етеді. Партия бағдарламасының жобасы 1904 ж. мамырда шығып, 1906 ж. болған оның бірінші бағдарламасы ретінде бекітілді. Эсерлер демократиялық социализмді жақтады. Олардың социализмінің ерекшелігі «жерді әлеуметтендіру» теориясы болып табылады. Бұл теорияның басты идеясы социализм Ресейде ең әуелі ауылдық жерлерден басталуы керек деген пікір болды. Мұның бастау көзі «жерді жеке меншіктен халық меншігіне айналдыру» еді. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін аз уақыт ішінде партия ірі саяси күшке айналып, мүшелер саны миллион адамға жетті. Өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарында және қоғамдық ұйымдарда басымдыққа ие болып, құрылтай жиналысына сайлауда жеңіске жетті. Алайда большевиктердің билікті басып алуына және диктатуралық режим орнатуына қарсы тұруға эсерлердің шамалары жетпеді.