Есіл

lat: Esil

Ертіс өзенінің сол жақ саласы. Қазақстанның Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерінен өтеді. Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі Нияз тауының батыс беткейінен басталып, Омбы облысындағы усть-Ишим селосының тұсында Ертіс өзеніне құяды.