lat: Este saqtaý
п с и х. Ақпараттың жадта сақталуын қамтамасыз ететін үдерістердің жалпылама атауы.
Есте сақтау жаңа алынған білімдердің кейін қалпына келтірілуінің ең маңызды шарты (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
Есте сақтаудың нәтижелілігі, ең алдымен, жаңа материалды ұғынылған байланыстар жүйесіне кіріктіру мүмкіндігіне қарай анықталады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).
Есте сақтау процестерінің іс-әрекет құрылымындағы орнына байланысты ерікті есте сақтау және еріксіз есте сақтау болып саналады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).