Естен танды

lat: Esten tandy

Ақылынан алжасты, есеңгіреді, есі ауып қалды. «Сен сүйерсің, мен күйермін, жанармын, құшақтарсың мен е с і м н е н т а н а р м ы н. Өлеңдетіп, жүйрікке мініп кетерсің, Жүрегімде от, жылай-жылай қалармын!» (М.Жұмабаев, Шығ.). Ойбайлап жылап жатқан баласын көріп, шошынғаннан шешесі е с і н е н т а н ы п қалады (Ы.Алтынсарин, Шығ.).