lat: Et kombınaty
Малды ветеринарлық тексеруден өткізіп, сойып, сатуға, өткізуге дайындайтын комбинат.
Семейдің ет консерві комбинаты мипалау, сүрленген құйрық, шұжық, сүр ет, жал, жая сияқты жаңа тағамдар жасап шығара бастады («Лен. жас»).
Қасапханаға апаратын жіңішке дәлізге кірмей, өрістен айдалып келген бір қотан қой ет комбинатының кең ауласының азан-қазанын шығарды (Х.Әдібаев, Таңбалы.).