Ет қызу [қызуымен]

lat: Et qyzý [qyzýymen]

а) Апатқа ұшыраған адамның қатты жараланып немесе басқа да қиын жағдайға ұшырап қалғанын дер кезінде сезбей қалуы.

Атпен бірге омақаса түскен шабандоз жігіт орнынан тұра сала шылбырға жармасқанда, ет қызуымен бұғанасының сынып кеткенін байқамаған да еді (Ауызекі.).

ә) Алғашқы қарқын.

Жирен жал құла дөнені күміс жүгеннің ауыздығын тістеп, әрлі-берлі көлбектеп, ет қызуын баса алмай тұр (М.Әуезов, Абай жолы).

Шешем де осы баланы ойланбай бере салғаны үшін Құдай тағаланың өзін де ет қызуда біраз шықпыртып алды (Б.Соқпақбаев, Менің атым.).

Лай судан балық аулама деп осы жолға жетектеген өзіңсің, ондағымыз ет қызуы - албырттық екен (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.).

Өздерінің аптығын баса алмағандықтан және бауырын жазған сайгүліктердің ет қызуымен  бұлар түн ортасына дейін тарта берді (Ә.Көшімов, Лашын.).