а) Апатқа ұшыраған адамның қатты жараланып немесе басқа да қиын жағдайға ұшырап қалғанын дер кезінде сезбей қалуы. Атпен бірге омақаса түскен шабандоз жігіт орнынан тұра сала шылбырға жармасқанда, е т қ ы з у ы м е н бұғанасының сынып кеткенін байқамаған да еді (Ауызекі.). ә) Алғашқы қарқын. Жирен жал құла дөнені күміс жүгеннің ауыздығын тістеп, әрлі-берлі көлбектеп, е т қ ы з у ы н баса алмай тұр (М.Әуезов, Абай жолы). Шешем де осы баланы ойланбай бере салғаны үшін Қүдай тағаланың өзін де е т қ ы з у д а біраз шықпыртып алды (Б.Соқпақбаев, Менің атым.). Лай судан балық аулама деп осы жолға жетектеген өзіңсің, ондағымыз е т қ ы з у ы -албырттық екен (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.). Өздерінің аптығыін баса алмағандықтан және бауырын жазған сайгүліктердің е т қ ы з у ы м е н Бұлар түн ортасына дейін тарта берді (Ә.Көшімов, Лашын.).