Етеккір циклы

lat: Etekkir sıkly

аналық приматтардың, сонымен бірге адамның сыртқы көрінісі қан ағу болып келетін (менструация), жыныстық циклі. Менструальді цикл, сол сияқты жыныстық цикл ұрығы ана құрсағында дамитын барлық жануарларда жұмыртқада жəне жыныстық шығару жолдарында синхронды кезеңді өзгеруден тұрады. Егер жүктілік болмаса жатырды төсеп жатқан эндометрийдің беткі қабаты түсіп қалып, одан жыныстық шығару жолынан қанды бөліс пайда болады. Сосын жаңа етеккір циклы басталатын тыныштық сатысы келеді. Етеккір циклы мен эстральді циклдің күйлеуі ұқсас емес, етеккір циклымен цикл аяқталады, ал күйлеу циклдің ортасында болатын овуляциямен дəл келеді.