ЭВАКУАЦИЯЛАН

lat: EvakýasıaLAN

е т. ә с к. Қауіпсіз жерлерге көшірілу. Қала тұрғындарының жарымына жуығы осы қала алынар алдында батысқа э в а к у а ц и я л а н ғ а н көрінеді (Ж.Тілеков, От кешу.). Мұғалімнің әйелі э в а к у а ц и я л а н ы п бара жат-қанда жолда поезд бомбалауға ұшырап, апат болыпты (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.). Еліміз соғыс өртіне шалдыққан аймақтардан э в а к у а ц и я л а н ғ а н жүздеген мың адамдарды, кейіннен саяси қуғын-сүргінге түсіп, депортацияға ұшыраған 1 милионға жуық әртүрлі этнос өкілдерін қабылдады («Жетісу»). 1500 адам бір қиырдағы Уралға, Сібірге, Қарағандыға барып, эвакуацияланған заводтар мен фабрикалардың монтаждау жұмысына араласты (Д.Қонаев, Өтті дәурен.).