(грек. «іздеймін», «ашамын») - жаңа тұжырымдамаларды, идеялар мен объектлердін арасындағы байланысты ашу үшін əдістерді қолдану, қосымша оқыту процестердің тəсілдері туралы шығармашылық іс-əрекетті зерттейтін ғылым. Эвристикалық əдістердің (эвристиканың басқа атауы) шешімдерді жылдамдатуға ықпал жасайтын өзгешелігі бар. Сол жағдайда, эвристика деп, мақсаттарды шешу əдістерінің жиынтығын атайды; немесе Сократикалық майевтикадан бастама алатын оқыту тəсілін атайды. «Эвристика» сөзі грек тілінен «іздеймін», «табамын». Ежелгі аңыз бойынша, «Эврика!» («Таптым!») деген сөзді ежелгі грек математигі жəне механик Архимед (б.д.д. 287-212) гидростатика заңын ашқанда айтқан. Осы сөзден антика философиясында «ақиқат іздеу өнері» - эвристика деп аталған.