Европоцентризм

lat: Evroposentrızm

Философия мен мәдениеттегі ғылымның, өнердің философияның әдебиеттің және тағыда басқа шынайы інжу-маржандары тек Европада ғана дамыды-мыс дейтінді дәріптейтін концепция. Европоцентризмнің түп-төркіні Грек-Рим өркениетін «тағыларға» қарсы қоюда жатыр. Орта ғасырларда Европоцентризмге Рим папаны жер жүзінің рухани орталығы ретінде қарастыратын католицизм идеологиясы тән болды. Ертеректегі буржуазиялық Европоцентризмнің де діни астары болды және көбінесе Европаның капиталистік елдерінің отаршылдық пиғылын бүркемеледі. Европоцентризм идеялары Пруссия империясын бостандық пен шынайы мәдениеттің жүзеге асырылуы дейтін Гегель философиясында, овр. емес мәдениетті елемеген француз тарихшысы Ж. Мишленнің және тағы басқа көзқарастарында орын алды. Европоцентризм идеяларының сәл бұрмаланған түрі Шпенглер мен Тойнбидің теорияларында да кездеседі, олар автономиялы мәдениеттер арасында байланыстардың сабақтастығы мен мүміндіктерін теріске шығарды. Европоцентризм концепциясы «европалық» яғни капиталистік өркениетті қорғаудың жаңа отаршылықты ақтаудың идеялогоиясы функциясын атқарады. Европа мәдениетінің көшірме, шығармашылық емес сипатта екендігін дәлелдеген «шығыс центризмі», негрлер мәдениеті қазыналарының артықшылыңы туралы «негритюд» теориясы және т.т. осы айқындамаға қарсы пікір болды. Ағартушылардан бастап, Европаның ең озық ойшылдары Европоцентризмді жоққа шығара отырып, бірегей жалпы азаматтық және мәдени тарихы туралы идея ұсынды ( Монтескье, Вольтер, Гердер, Гете).