lat: Ezýi [eki ezýi] jıylmady [jınalmady, tyıylmady, tyıa almady]
Күлкіге қарық болды, тоқтай алмай көп күлді.
Ара-тұра басын шайқап, мейірлене күлумен Петрдің езуі тыйылмай келеді (Ә.Нұршайықов, Курляндия.).
Сақи өз үйіндегісінен бетер езуі жиылмай күле сөйлеп, қызара бөртіп, шайға қанды (Ғ. Сланов, Дөң асқан).
Дәурен ағайдың өзіне ұқсаған қиықша қой көзді, дөң мұрын, қалқан құлақ кішкене Қоңырдың да езуі жиналмайды (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.).