Езуі [екі езуі] жиылмады [жиналмады, тыйылмады, тыя алмады]

lat: Ezýi [eki ezýi] jıylmady [jınalmady, tyıylmady, tyıa almady]

Күлкіге қарық болды, тоқтай алмай көп күлді. Ара-тұра басын шайқап, мейірлене күлумен Петрдің е з у і т ы й ы л м а й келеді (Ә.Нұршайықов, Курляндия.). Сақи өз үйіндегісінен бетер е з у і ж и ы л м а й күле сөйлеп, қызара бөртіп, шайға қанды (Ғ. Сланов, Дөң асқан). Дәурен ағайдың өзіне ұқсаған қиықша қой көзді, дөң мұрын, қалқан құлақ кішкене Қоңырдың да е з у і ж и н а л м а й д ы (З.Қабдолов, Өмір ұшқ.).