ФУГА

lat: FÝGA

бір тақырыпты квинтаға ұқсата отырып, баяндаған және көпәуенділікпен өңделген көпдауысты шығарма. Фуга XVI-XVII ғғ. вокалдық мотеттен және аспаптық ричеркардтан қалыптасты. IX ғ. бастап жүздеген жылдар бойы полифониялық көпдауыстылықтың даму қорытындысының жоғарғы ұқсатушылық нысаны болып табылады.