салмағы 50-ден 1000 кг-ға дейін, жартылай бронь бузушы бомбаның салмағы 100-ден 250 кг-ға дейін, жарықшақты бомбаның салмағы 2-ден 120 кг-ға дейін болады. Соңғы кезде американдықтар жылдам ұшатын ұшақтардың сыртына ілінетін 110-225 және 450 кг бомбаларды шығарды. Бұл бомбалар траекторияда өте дәл түседі. Ол «Снейкай» деп аталатын арнаулы бомбалар. Бұл бомбалардың артқы ұштарында өте төменнен тастауға арналған тежейтін аспаптары бар.