ФИЛОЛОГИЯ

lat: Fılologıa

гуманитарлық пәндердің кешені. Олар: тіл білімі, әдебиеттану, текстология, палеография т.б. Филология жазбаша мәтіндерді талдау арқылы адамдардың рухани мәдениетін зерттейді. Филологияның ішкі дүниесіне биік рухани әлем мен қарапайым жазу төңірегіндегі зерттеулер жатады. Мәдениетті зерттеп тануды мақсат етіп, Филология өркениетпен қоса пайда болады.