Философия

lat: Fılosofıa

тар мағынада таза батыстық құбылыс. Зердеуи ой дамуы барлық елдерде болған. Әсіресе, көне шығыс өркениеттерінде. Бірақ дін мен мифологиядан өзгеше дүниетаным ретінде ол тек Ежелгі Грецияда қалыптасқан. Философия дегеніміз данышпандық емес, ол данышпандыққа махаббат. Философос деген тіркес грекшеден данышпандықты сүю деп аударылады. Мұндағы ең басты нәрсе философ пен данышпандықтың арасындағы арақашықтық. Дәстүрлі мәдениетте мұндай арақашықтық мүмкін емес. Көріпкел, балгер, абыз данышпандықтың тура көзіндей, оның жердегі орынбасарыңдай көрінеді. Ойлау олардың міндеті. Ал философ болса, сырттан келіп, ойлау ісіне өз еркімен кіріседі. Гректердің жаңалығы, данышпандық бірден берілмеуі мүмкін, бірақ оған көз алдындағы дүниені жан-жақты зерттеп, Тәжірибе арқылы жетуге болады. Және мұндағы басты мақсат дін мен мифтің үйреншікті аясынан алыстап, шыға ойлау бай). Бұл беталыстың екінші қасиеті - белгісіздікке кіріп, оны белгісіз сипатынан айыру. Алғашқы грек философтары дәстүр көкжиегінен шығып, Тәжірибеге, және өздерінің жеке тұлғалық Тәжірибесіне сүйене бастайды. Бұл адамзаттың дәстүрлі зердемен қоштасуы еді. Сондықтан қазір философия туралы әңгіме еткенде көбінесе батыс философиясының тарихы туралы баян етіледі. Бірақ бұл жүгіністе ешқандай геосаяси мағына жоқ. Бүкіл ғылыми және техникалық жаңалықтар сияқты философия да адамзаттың жалпыға бірдей мұрасы. Орта тасырда ол араб философтарының еңбектерінде дамыған. XX ғасырда испан ойшылы Ортета-и-Гассет, мексикан мәдениеттанушысы Леопольдо Сеа әлемдік философияға қомақты үлес қосқан. Қазіргі қазақ философиясының дамуы әлемдік философияның бай Тәжірибесін сіңірмей мүмкін емес.