Философия мен ғылымның қатынасы туралы диалектикалық тұжырымдама

lat: Fılosofıa men ǵylymnyń qatynasy týraly dıalektıkalyq tujyrymdama

философия мен ғылым арасындағы қатынас туралы ілім, сапалық белгілер бойынша олар өзгеше, бірақ ішкі мəнінде бір-бірімен байланысты жəне де дамуларында бір-бірінің когнитивтік ресурстарын қолданады. Оның дəлелі - олардың дамуы мен байланысы. Нақты түрде дəлелдеріне жатады: фундаменталды ғылыми теориялардың философиялық негіздерінің бар екендігі; нақты ғылыми білімдердің философиялық аргументтері мен құрылыстарды қолдануы. Олардың арасындағы шекара ықтималды. Философия нақты ғылымдарға қатысты интерпретативтік, бағалау, жалпы мəдени рөл атқарады. Себебі, ғылым мəдениеттің органикалық бөлігі, философия арқылы мəдениет өзін тұтас жəне өзінің негізін рефлексияландырады. Тағы бір байланысты дəлелдейтін «кентавр» сияқты білім аймағы - «ғылым философиясы». Осы концепцияның дамуына үлес қосқандар: Платон, Аристотель, Декарт, Спиноза, Лейбниц, Гегель, Кант, Рассел, Пуанкаре, Гильберт, Бор, Гейзенберг, Пригожин, Моисеев, т.б.