тарихи тұрғыдан алғашқы, антика кезеңінен бастап біздің ғасырға дейін ұзақ эволюциядан өткен, ХІХ ғ. бірінші жартысына дейін мəдениетте үстемді орын алған, философияның (метафизика, натурфилософия) нақты ғылымдарға қарағанда гносеологиялық пен əлеуметтік-гуманитарлық үстемділігін дəлелдеп тұжырымдаған концепция. Осы концепцияның мағынасы келесі формула түрлерімен көрсетіледі: «Философия - ғылымның ғылымы», «Философия - ғылымдардың патшасы». Тəжірибе тұрғысында нақты ғылымдарға болмыс пен танымды философиялық схемалар арқылы түсіндіру, түбінде ХІХ ғ. ортасында ғылымның дамуын тоқтатуға əкелді. Осы концепцияны ұсынғандар: Аристотель, Фома Аквинский, Спиноза, Гегель, Шеллинг, диалектикалық материализмнің ортодоксалдық өкілдері т.б. Қазіргі кезеңде де осы концепцияның ұстанушылары философиялық білімнің жоғары деңгейі мен жалпы мəдени қажеттілігін қолдайды (Тейяр де Шарден т.б.). Философия мен ғылымның қатынасы туралы позитивистік концепция - ХІХ ғ. 30-шы ж. (О. Конт, Г. Спенсер, Дж.Ст. Милль) шыққан, келесі де философия мен ғалымдар ортасында кең таралған концепция. Ол нақты- ғылыми танымды дəстүрлі философияға қарағанда үстемділігін жариялайды. Философия позитивистері айтуынша өтірік білім, спекулятивті, оймен тану теорияландыру, қазіргі ғылым үшін пайдасы жоқ, себебі, ол тек өтірік білім вирусымен «жұқтырады». Табиғат, қоғам мен танымды ғылыми əдістермен зерттеу үшін философияға ғылыми əдістерді қолдану қажет (бақылауды, жалпылау мен заңдылықтардың математикалық дəлелдемесін). «Ғылым өзі үшін философия» (О. Конт), «Физика метафизикадан байқа!» (И. Ньютон) - позитивистік концепцияның формулалары. Бірақ, позитивистердің ғылыми философияны құрастыру мақсаты - дүниенің ғылыми бейнесі (Г. Спенсер), ғылым методологиясы (Дж. Ст. Милль), ғылыми қызметтің психологиясы (Э. Мах), ғылыми тілдің логикалық-математикалық талдауы - М. Шлик, Б. Рассел, Р. Карнап, ғылыми білім даму туралы теория - К. Поппер жəне ғылымның лингвистикалық талдауы сəтсіздікке əкелді. Ғылым принципиалды түрде метафизикалық философиялық ережелерден бос емес, себебі, адамның санасының қызметінің тұтастығымен жəне оның барлық когнитивтік құрылыстырының ішкі байланысымен негізделеді.