ФИЛОСОФИЯЛЫҚ РОМАН

lat: Fılosofıalyq ROMAN

жанрлық түр. Әйтсе де қалыптасқан, қолданылуы аясы нақты айқындалған термин емес, көбінесе жалпы, шартты мағынада ұшырасатын ұғым. Әдебиеттануға философиялық роман анықтамасы ағартушылық кезең әдебиетіндегі жанрлық үлгілерге қатысты енгізілген. Бұл тұрғыдағы философиялық, романроман жанрының композициялық-сюжеттік принциптеріне, баяндау тәсілдеріне негізделген философиялық шығарма. Мәселен, Вольтердің «Задиг немесе Тағдыр», «Кандид немесс Оптимизм», «Микромегас», Дидроның«Жакфаталест», «Сопы әйел», Монтескьенің «Арзас пен Исмения», «Парсы хаттары», Годвиннің «Калеб Вильямс» сынды туындыларына ортақ ерекшелік шығарма арқауында авторлардың философиялық пайымдарына, әлеуметтік ой-тұжырымдарына құрылуы, түсіндірмешілік пафостың басым болып, сюжеттік құрылым логикасының, екінші қатарға ысырылуы. Ежелден мәшһүр осы тәсілге (мысалы, ортағасырлық Шығыс поэзиясындағы философиялық-дидактикалық дастандар осы принциппен жазылған) гуманист жазушылар өз идеяларын көпшілік қауымға кеңірек тарату мақсатында жүгінген. Философиялық роман Еуропа әдебиетінде танымдық концепцияны, әлем, қоғам зандылықтарын түсінуге, талдауға ұмтылыс бағытын орнықтырды. Ағартушылық әдебиеттегі философиялық прозаға тән мазмұндық-стилистикалық сипаттар XX ғасыр әдебиетіндегі философиялық романда жалғасын тапты. М. Унамуно (Испания), Ф. Кафқа (Австрия), Р. Музиль (Австрия), А. Қамо (Франция), Ж. П. Сартр (Франция), О. Хаксли (Англия), К. Абэ (Жапония), тағы басқаларының романдары философиялық-көркемдік бітім-бірегейлігімен, дәстүрлі көркемдік қисынды белгілі бір философиялық концепцияға бағындырылған әсіре шарттылықтын, ығыстыруымен ерекшеленді. Философиялық роман табиғатындағы осы өзгешелік (шарттылық) әсіресе кейіпкерлер жүйесінен айқын байқалады. Философиялық роман кейіпкері, негізінен, кейіпкер-символ, кейіпкер-концепция ретінде көрінеді де, тұлға, мінез даралығына мүлде дерлік назар аударылмайды. Мысалы, Кафканың«Процесс» романындағы Иозеф К. немесе Абэнің «Құмдағы әйеліндегі» Шыбын аулаушы адам тағдырының, адамның болмыс, ажал алдындағы шарасыздығының символы іспетті. Сондықтанда К. әділетсіз, түсініксіз сот процесіне (сот процесі тағдыр, фатум бейнесі сияқты) қарсыласпайды, ажал үкіміне мойынсұнған қалыпта күтіп алады. Шыбын аулаушы өзінің тиіп түрған жердегі үйіне қайта алмайды, түбі бәрін жалмап жұтуға тиіс құм көшкінімен (құм көшкіні де мейірімсіз, өзгермес тағдыр бейнесі) мағынасыз күреске түскен деревняның тұтқынына айналады. Философиялық романды, философиялық роман кейіпкерің өз зандылықтары тұрғысынан қарастырмай, реалистік романға қойылар талаптар өлшемімен талдау жаңсақ, үшқары байламдарға апарып соқтырады. Мұның айқын көрінісі социалистік реализм сынының модернистік, экзистенциалистік әдебиетке берген ресми бағасы. Сонымен қатар философиялық роман термині әдебиет сынында, әдебиеттану еңбектерінде сапалық белгі санатында да жиі қолданылады. Бұл ретте философиялық роман анықтамасы жанрлық ерекшелікті білдірмейді, шығарманын тіршілік, замана сырын парықтаған ойшылдығын, мазмұн тереңдігін, идея сонылығын әйгілейді. Сол себепті де «Толстойдың, «Соғыс және бейбітшілігі»философиялық пікірлерді жанрлық жіктеу емес, авторлық баға есебінде қабылдаған абзал. Қазақ прозасында философиялық роман үлгісі қалыптаспағанмен, оның поэтикасына тән жекелеген ерекшеліктерді Ә. Кекілбаевтың, Т. Әбдіковтың, 0. Бөкеевтің т.б. туындыларынан аңғаруға болады. Ысмақова А.