Фишинг

lat: Fıshıng

мақсаты пайдаланушылардың құпия мәліметтеріне – логиндер мен парольдерге қолжетімділік болып табылатын интернет-алаяқтықтың түрі.

Ол белгілі брендтер атынан электронды хаттарды жаппай жолдау жолымен, сондай-ақ, түрлі сервистер, мысалы, банктер атынан немесе әлеуметтік желілер ішінде жеке хаттамаларды тарату арқылы жүзеге асырылады. Хатта түпнұсқа сайттан бір қарағанда еш өзгешелігі жоқ сайтқа немесе редиректісі бар сайтқа тікелей сілтеме болады. Пайдаланушы жалған парақшаға кіргеннен кейін, зиянкестер жалған парақшада пайдаланушының белгілі бір сайт үшін қолданатын логині мен паролін түрлі психологиялық әдістермен алу арқылы аккаунттар мен банк шоттарына қолжетімділікке ие болу мүмкіндігі туады.