Физиологиялық ентікпе

lat: Fızıologıalyq entikpe

м е д. Ағзада тотығу процесінің жылдамдауынан тыныс алудың жиілеуі.

Адам ауыр жұмыс жасағанда, биіктікке көтерілгенде немесе қоршаған орта температурасы артқанда тыныс алуы жиілеп, ағзаға қажетті оттектің мөлшері 2-3 есе артады. Соның салдарынан тыныс алу бұлшық еттерінің жұмысы жиіліп, адам ентігеді. Мұндай ентігуді физиологиялық ентікпе деп атайды (ҚҰЭ).