ФАБРИКАТ

lat: FABRIKAT

зат. [лат. fabricatus дайындалған] Өндірістің дайындаған өнімі, фабриканың дайын бұйымы; қосымша өңдеусіз өндірісте не жекелей тұтынылатын өнім (Қаз. тілі термин. Тамақ.).

Қақтап кептіреуге арналған жартылай фабрикаттар даярлау үшін тұздау қолайлы әдіс және өте қажет (К.Күленов, Қазақст. балық.).

Асхана тұтынушылар сұрауы бойынша жартылай фабрикаттар даярлауды іске асыруда («Соц. Қаз.»).