lat: FARFOR
күйдіру температурасы 1250-1450ºС болатын ақ түсті жұқа қыштан жасалған бұйым. Сусіңіргіштігі төмен (1% дейін) және қаттылығы жоғары (Моос шкаласы бойынша 6,57-7,5) болады. Күйдіру температурасына қарай жұмсақ және қатты фарфор бұйымдары деп бөлінеді. Фарфордың бірқатар өзіндік қасиеттері бар техникалық түрлері де болады.