lat: FARIAD, Farıad, FÁRIaÁD, FÁRIAD, FÁRIOD, FÁRÁD, PARIaÁD
(пар. фариад فرياد)
1. Айғай, айғайлау.
Арақ ішкен қабірден тұрар! – дейді, Бөтелкесін мойнында қылып фариад («Арақ туралы Опай ұғлы Кағибадан рауаят». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Ашулансам сайраймын ащы қылып, Оянар дию, пері қылсам фариад («Қисса Мәлік Хасен». Бабалар сөзі. 9-том. 2004. 100 томдық).
Өлім көкте тұрып, қылған фариад : – Қалма, – деп, – менен ғапыл жаралған жан! («Өлімнің хикаясы». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Фарияд қылып баршасы уластылар, Дауыстары аспанға барып жетті («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).
Ашулансам сайраймын ащы қылып, Оянар дию, пері қылсам фәрияд («Мәлік Хасан». Қисса-дастандар, 1986).
Хадиша қуанғанна нағыра тартып, Фәриод қып Мұхаммедке әуез берді («Мұхаммедке пайғамбарлық келгені». М.Жүсіп, І-том, 2003).
2. Зар еңіреу, зар жылау.
Бәдіғұлдың атыны қыз есітті, Аһ ұрып, жүзін ұрып фариад етті («Қисса Сейпілмәлік шаһзада – Бәдіғұлжамал перізат». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).
“Кетесіз бе, шынымен, шаhизада” деп, Фариад қылды алдында бәрі жылап («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).
Фатима мұны естіп қалды фәриад, Жылады Хасен, Хұсайын – екі шаһизат («Пайғамбардың соңғы тілегі». М.Жүсіп, І-том, 2003).
Жұмақ пенен тамұғының арасында, Ала алмай жанын сонда қылған фәриад («Ғазірейіл періштенің жанын алатын баяны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Перілер жақын келіп қарап алды, Фәрияд деп екі адамзат аһ, ұрады («Зияда-Шахмұрат». Қисса-дастандар, 1986).
Зылиха зар жылайды, фәряд салып, Қызметкерлер жиылды қйран қалып («Жүсіп-Зылиха». Ғашықнаме, 1976).
Бәдиғұлдың атын қыз сонда есітті, Аһ ұрып, жүзін ұрып фәряд етті («Сейфүлмәлік». Ғашықнаме, 1976).
Ойбай, жап бұл бәлеңді иә, ғалым,– деп, Қалмастан парияд етті барлық адам («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).
Уа, тақсырлар, бұл бәледен құтқар! – деп, Дат, парияд қып көзінен жас шашты ірі («Әбуғалисина, Әбілхарис». Бабалар сөзі. 7-том. 2004. 100 томдық).