ФАРШ

lat: FARSH

зат. тамақ. Ас дайындау үшін арнаулы мәшинемен өте ұсақ етіп тартылған шикі ет.

Арсений әйелге ұнды електен өткізуді өтінді, өзі қамыр иледі, маған фарш жасатқызды (От ортасы.).

Фарш толтырылған помидорды майланған табаға салып, бетінен май құймалап, духовкаға жабады («Мәдениет және тұрмыс»).

Фаршты дайындау: етті еттартқыштан өткізеді немесе майдалап турап, піскен күріш, шамалап қуырған пияз, тұз, бұрыш қосу керек (Шаңырақ).