ФАЗЫЛ

lat: FAZYL

ар. зат. көне. 1. Құдірет, қасиет.

Фазылыңмен сақла мені сабр беріп,

Билік жоқ бұл фитнада аслан менде («Қазақ»).

Сұлудың бір фазылы әне сондай,

Зиыны, қараңғысы емес ондай.

Салмақсыз салдыраған кейбіреуі,

Жаңбырдың суы тиіп қатқан тоңдай (Ә.Найманбаев, Шығ.).

2. Өте қадірілі, құрметті, беделді.

Бір ғалым фазыл заттан иман сайлап, байларың жәрдем беріп уақыф қылсаң (М.Дулатов, Шығ.).

3. Адамгершілік, абырой, жақсылық.

Кітаптан көрмедіңіз бе, Әбен аға,

Дұрыс деп ұйғарыпсыз осыны сіз... бір... фазылымен жеткерер деп

Үміткер даргаһыңнан біз бәндеміз (Назым).

Өмірім өтті, білмедім шерменде боп,

Көңілімді харам қылдым, нәпсі мәрдут.

Қылғаныма қарасам уайымым көп,

Фазылыңа қарасам үмітім көп (Бабалар сөзі).