заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. Ұлттық-тілдік фактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан: 1) территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (АҚШ, Австралия, Австрия, ГФР, Аргентина, Венессуэлла, Бразилия, Мексика); 2) ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет (Үндістан, Белгия, Нигерия, Пәкістан); 3) аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (Ресей, Канада, Швейцария).
Федеративті мемлекетке тән, барлық федеративті мемлекеттер негізделген бес бастапқы принциптер: 1) федералды заңның жоғарылығы; 2) мемлекеттік құрылым негіздерінің бірыңғайлығы; 3) федерация аумағында адамдардың, тауар айналымының еркін қозғалысы; 4) федерация субъектісінің біржақты өз бетінше мәртебесін ауыстыруға тыйым салу; 5) мемлекеттік аумақтық тұтастыққа зиян тигізетін федерация субъектісінің бөлінуіне жол бермеу.