lat: FETISHIZM
[франц. fetiche] зат. филос. 1. Алғашқы қоғам адамдары киелі, әруақты деп табынған жансыз бұйымдар.
Фетишизм Батыс Африкада бүгінгі күнге дейін жақсы сақталып қалған. Ал енді фетишизм элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Мысалы, әлемдік діндердегі иконаларға табыну (христиан діні), қасиетті “баспалдақтарға” сыйыну (буддизм), “қара тасқа” ғажайып күш ретінде қарау (мұсылмандық); өмірде – капитал өз-өзінен, еңбекке байланыссыз өседі, байлық байлықты өзіне тартады деп ақшаға, алтынға бас ұрушылық түрлері; өкімет құдіретіне, саяси мекемелерге, идеологиялық ұрандарға мойынсұну т.б. фетишизмнің түр көріністері (Мәд.-филос. энц. сөзд.).
Фетишизм бойынша кез келген зат құлшылық нысаны ретінде қабылдануы мүмкін және ол зат адамды сауықтыруы, жаудан қорғауы, аңшылықта жәрдемдесуі мүмкін деп қабылданған (ҚҰЭ).
2. ауыс. Соқыр сенімге айналған ұғым, түсінік.