lat: FETR
зат. Биязы жүннен тығыздап, ширақ басылған киіз, қалпақ жасауға арналған киіздің жұқа, тығыз сорты.
Кезінде бұл қоянның жүні әр түрлі фетр киімдерін тігуге пайдаланылды (X.Қадырбаев, Дала.).
Басында кенересін қара мақпалмен көмкерген төрт сайлы фетр қалпақ (Ж.Тілеков, Жоңғар.).
Жеңіл ғана фетр қалпағын басынан алып, өзімсіне төсектің үстіне тастай салған Бейсен тамағын бір қырнап қойды (Қ.Мұқанбетқалиев, Жаңғырық).