lat: FILIAL
зат. Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі.
Филиал өкілдіктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлға мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді (Заң тем. сөздігі).
Соған байланысты институттың құзырындағы Рыжов басқарған базы жеке филиал болып сол жерде қалды (С.Бегалин, Уақыт.).
Қарағанды политехникалық институтының Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларында филиалдары бар (С.Хайдаров, Құрыш.).
Онкүндікті он жетінші май күні «Қыз Жібекпен» аштық, сол Үлкен театрдың филиалында қойдық (Қ.Байсейітов, Құштар.).