ФИЛОГЕНЕЗ

lat: FILOGENEZ

(грек, phybn түр, туыс және genesis шығу тегі) организмдер топтарының тарихи тұрғыдан қалыптасуы; организмнің тарихи дамуы немесе органикалық дүниенің, әртүрлі тип, класс, отряд, туыс және түрлердің эволюциясы. Жеке-дара даму онтогенез бен тарихи даму филогенез тірі табиғаттың біртұтас дамуының ажырамас қырлары болып саналады және бір-біріне өзара әсер етеді. Филогения организмнің тарихи дамуы. Филогенез терминін 1866 ж. неміс биологі Э. Геккель (1834 1919) ұсынады. Филогенез процесін және оның заңдылықтарын филогенетика зерттейді. Филогенездік зерттеулердің мақсаты жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің эволюциялық өзгерістері негізінде олардың тегін және организмдер арасындағы туыстық байланыстарды анықтау. Ағылшын эволюцияшысы В. Гарстанг филогенезді ұрпақтан-ұрпаққа өтетін онтогенез деген пікір айтты. Бұл пікірді орыс биологі И. И. Шмальгаузен (1884-1963) дамытып, филогенезді онтогенездің белгілі қатары деп атады.