(латынша, итальянша – аяғы, соңы деген мағынада) – әдеби шығарманың аяқтамасы, ең, соңғы эпизоды, суреттемесі. Көркем әдебиет шығармаларын зерттегенде бұған ерекше мән беріледі. Өйткені басталып, өрістеп, деңгейіне жете шиеленісіп, ақырына жеткен сюжет, фабуланың соңғы түйіні болады. Және жеке тараулардың, бөліктердің аяқталып бітуі шартты түрде болады, себебі оны не олай, не бұлай дамытып әкетуге келесі бөлімдерде мүмкіндік бар, шығарманың ең, соңында барлық түйіндер бір жерге тоғысып, әбден тиянақталып бітеді. Сондықтан шығарманың аяқтамасы оның идеялық мазмұнын айқындау жағынан ерекше маңызды, салмақты болады. Әсіресе, эпостық, драмалық шығармаларда бұл айқын байқалады. Әрине, әр жазушы шығарманы көркемдік шешімін тауып, өзінше тамамдайды. Бірақ, қайткен күнде де бүкіл шығарма мазмұнынын, тетігіндей, шығарма логикалық тиянақтылық табатындай соңғы шешім болуға тиіс. Базарбаев М.