lat: FINAL
зат. 1. Спорт жарыстарының жеңімпазды анықтайтын ақтық кезеңі.
Сөйтіп Қабден Байдосовтың жаттықтыруындағы бес палуан түгелдей финалға шықты («Лен. жас»).
2. Концерттің, белгілі бір музыка, опералардың ақтық кезеңі, соңғы қорытынды бөлімі.
Бірақ симфонияның бұл бөлімі сол тепсінген күйінде финалға келіп тіреледі («Лен. жас»).
Екі повестің финалында алыстау болса да ұқсастық жоқ па дегендей де ой келеді (Уақыт және қаламгер).
Үшінші бөлім – финал. Финалда ұлы дүбір ғаламат серпіліс, салтанатты леп бар (И.Жақанов, Екі жирен).
3. әдеб. Әдеби шығарманың аяқтамасы, ең соңғы эпизоды, суреттемесі.
4. ауыс.ижағымсыз. Өмірдің ақыры, жалған.
Оңға қара, солға қара – бәрібір,
Бұл финалдың, жын фанидың бәрі кір!
Мүлде жаңа жан-жағың,
Жақсылығын таңдағын,
Жамандығын алмағын!!! (М.Мақатаев, Шығ.).