lat: FIZIKA
зат. 1. Материяның жалпы қасиеттерін, олардың қозғалысы мен өзгеру жолдарын, неорганикалық табиғат құбылыстарының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Физиканың заңдары тәжірибе жүзінде анықталған сандық қатынастар арқылы математикалық тілде өрнектеледі (ҚҰЭ).
Қабира сіңлілеріне есеп үйретіп, физика құбылыстарын таныту, сөйтіп, оларды техника жолына жармастыру үшін физмат факультетіне барды (Ә.Нұршайықов, Махабб. жыр.).
– Ең алдымен математика мен физиканы, оның ішінде бу машинасын жақсы білу керек қой! (М.Иманжанов, Адам.).
Менің аңғаруымша, химия, биология және физика Ғылым есімді бір атаның бір анадан туған үш баласы сияқты (Ө.Қанахин, Құдірет).
2. Физика ғылымын түсіндіретін пән.